19 ақпан 2015 15:01

Алматыдан 290 шақырымда жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©some.kz ©some.kz

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 19 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 12.45-те тіркелді. Оның эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. Энергетикалық класы - 9,5. Жерасты дүмпулерінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған. 

Тербелістің сезілгені туралы мәлімет жоқ. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 371 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпулері 17 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 00.58-де болды. Оның эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. Оған 9,9 деген энергетикалық класс берілді. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети