29 желтоқсан 2014 11:00

Алматыдан 301 шақырымда жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыдан 301 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 29 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 05.41-де тіркелген. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 301 шақырымда - Қытай аумағында анықталды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,8, дүмпу 5 шақырым тереңдікте болды.

Тербелістің әсері туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 26 желтоқсан күні магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 524 шақырымда болған еді. Зілзаланың эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети