02 қаңтар 2015 14:24

Алматыдан 313 шақырымда жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото adaa.ucoz.com сайтынан Фото adaa.ucoz.com сайтынан

Алматыдан 313 шақырымда магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.


Алматыдан 313 шақырымда магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 2 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13.08-де тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 313 шақырымда - Қытай аумағында болды. 

Тербелістің энергетикалық класы - 9,9. Жерасты дүмпулері 5 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ. 

Еске салайық, мұның алдында Алматыдан 85 шақырымда жер сілкінісі болған еді. Магнитудасы 4,4-ке тең болған сілкіністің эпицентрі Қазақстан аумағынан анықталды. Тербеліс Алматы қаласы аумағында сезілген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети