21 мамыр 2015 11:54

Алматылықтар қыз бала қайтыс болған балабақшаға гүл апарып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақшаны қоршап тұрған дуалда "Қайғылы. Жанға батады!" деген жазба ілініп тұр. © Николай Колесников Балабақшаны қоршап тұрған дуалда "Қайғылы. Жанға батады!" деген жазба ілініп тұр. © Николай Колесников

Алматы қаласындағы Сүлейменов көшесінде орналасқан №58 балабақшаға адамдар гүл әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласындағы Сүлейменов көшесінде орналасқан №58 балабақшаға адамдар гүл әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертеңнен бері балабақша алдына адамдар жиналып, гүлдер мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Балабақшаны қоршап тұрған дуалда "Қайғылы. Жанға батады!" деген жазба ілініп тұр. "Біз еске алып, ата-аналарға сүйеу болайық деп шештік. Таңертең гүл сатып алдық, қызым ойыншықтарын тауып алды, міне келдік... Жанға батады, ата-анасына бекем болыңыздар дейміз (...)", - деді балабақшаға барғандардың бірі Лидия Тихонова. Оқиға орнына атақты блогер Айжан Хамит барды.

Айта кетейік, балабақша қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алайда қауіпсіздікті сақтаудың қатаң шаралары қолға алынған - балабақшаға кіретін есік құлыптаулы. Балаларын әкелген ата-аналарға есік қағылғаннан кейін ғана ашылады. Қайтыс болған Кәусар есімді қыздың тобы бүгін жабық. "Топ жабық, ешкім жоқ. (...) Бұл топтағы балалардың ата-аналары қайтыс болған қыздың жерлеуіне кетті. Меңгеруші де, директор да жоқ", - деді балабақша қызметкері. Жол талғамайтын көлік барып соғылған күрке мен алаңқай бұзылған, ал қоршау басқасына ауыстырылыпты.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін тағы бір баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккен екі бала ауыр халде, жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскен балалардың жағдайы қалыпты.

Айта кетейік, балалар алаңына соғылған жүргізушінің кім екені анықталды. Ол  - 46 жастағы әйел, полиция оның аты-жөнін айтпай отыр. Тергеу жүріп жатыр, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тараптардың ымыраға келуіне 2014 жылдың мамыр айынан бастап тыйым салынған, сондықтан жүргізуші әйел 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети