03 наурыз 2015 13:14

Алты жасар бала Астанада өрт кезінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Астана ТЖД баспасөз қызметі ©Астана ТЖД баспасөз қызметі

Астанада алты жасар бала өрт кезінде түтіннен уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада алты жасар бала өрт кезінде түтіннен уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жанарыс көшесі, 29-үй мекенжайындағы өрт туралы хабар 3 наурызда сағат 09.29-да келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына сағат 09.39-да келгенде екіқабатты ғимараттың төменгі қабатындағы бөлмеаралық қалқалардың 15 шаршы метрінің жанып жатқаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуымен ғимараттың төменгі қабатында ата-анасымен бірге сол ғимаратта тұратын баланың бар екені анықталды.

"Өртсөндірушілер баланы іздеуге бірден кірісті, іздестіру жұмыстарының нәтижесінде төменгі қабаттағы дәретханадан тұншықтырғыш газдан уланып қайтыс болған 2009 жылғы баланың денесі табылды", - деп хабарлады департамент қызметкерлері.

Өртті сөндіруге бес техника мен 16 адам жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети