22 маусым 2015 13:53

"Артем" базарының маңындағы жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандар жауапкершілікке тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com кадры Youtube.com кадры

Астанадағы "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы брифинг барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы брифинг барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер білесіздер ме, Интернетте екі түрлі хабарлама пайда болды. Біреуінде, әйелді итеріп, ол құлап, оны көлік қағып кетті, әйел де, бала да қайтыс болды делінген. Біз ол адамның (дақпырт әңгіме таратқан - Авт.) кім екенін анықтадық, ол маскүнем, қазір барлығын анықтап, оны қылмыстық жауапкершілікке тартамыз", - деді Қасымов.

Сонымен қатар, ол Желіде дақпырт әңгіме тартқан тағы бір адамның жауапқа тартылатынын айтты, ол ұлттық мәселені қозғаған. "Екінші адам ұлттық мәселені қозғап, Интернетте хабарлама таратқан. Ол ингуш күзетшілер байғұс қазақ әйелді ұрды деп таза ұлттық негіздегі мәселені қозғады. Оған да қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол ақпараттарды Интернеттен үзіп алып, жинақтадым деп түсіндірді. Алайда біздің сарапшылар ондай ештеңе таппады. Оған айып тағылады", - деп мәлімдеді ІІМ басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін полицейлердің бұл оқиғаға қатысы бар 18 қатысушыны мән-жайды анықтау үшін ұстағаны хабарланған болатын. Олардың ішінде мас күйінде болғандар да бар. Куәгерлердің айтуынша, жаппай төбелес кезінде жүкті әйел бір топ адамның ортасында қалып қойды. Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің жағдайын тексерген олар оны ауруханаға жатқызудан бас тартыпты. Әйел жарақат алмаған болып шықты, алайда эмоционалдық стресске ұшыраған. Бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі өндіріс "Жекеменшік күзет қызметі қызметшілерінің уәкілеттігін асыруы" бабы бойынша басталды. Сонымен қатар, "Артем" СҮ қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің арызы бойынша материал ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети