09 қазан 2014 17:37

Әскериді қағып өлтірген салық қызметкері шартты түрде сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wek.ru © wek.ru

Жол-көлік оқиғасына себепкер болып, әскериді қағып өлтірген салық басқармасы қызметкері бостандықта қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №2 соттың баспасөз хатшысы Мейрамгүл Сүңгібаеваға сілтеме жасап.


Жол-көлік оқиғасына себепкер болып, әскериді қағып өлтірген салық басқармасы қызметкері бостандықта қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №2 соттың баспасөз хатшысы Мейрамгүл Сүңгібаеваға сілтеме жасап.

Сот өкілдері Павлодар қаласында болған жол-көлік оқиғасының себепшісі шартты түрде жазалау мерзімін алып, түрмеге отырудан құтылғанын хабарлады. "Сот Павлодар облысының салық басқармасының маманын абайсыздықта адам өліміне себепкер болған жол-көлік оқиғасын жасауға айыпты деп таныды. Сот үкімімен ол екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оның екі жылы - сынақ мерзімі. Сонымен бірге, ол 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады Мейрамгүл Сүңгібаева.  

Сот өкілінің айтуынша, марқұмның туыстары тараптардың ымыраға келуіне байланысты істі қарауды тоқтатуды сұрады. Бірақ бұл өтініш қабылданбады. Сот мұны Қылмыстық кодекстегі өзгертулерге байланысты істің бұлай аяқталуына тыйым салынғандығымен негіздеді.   

Тергеудің мәліметі бойынша, көлік келісімшарт бойынша әскери қызметте жүрген 26 жастағы азаматты жаяу жүргінші жолында шілде айында қағып кеткен болатын. Алған жарақаттан ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Оны қағып кеткен көлік жүргізушісінің жылдамдықты шектен асырғандығы анықталды. Айта кетейік, Павлодардағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу Павлодар облысы прокуратурасының бақылауында болды. Қаза болған адам №6679 әскери бөлімшесінде қызметін өтеп жүрген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети