13 қазан 2014 19:53

Әскеридің қатысуымен болған жол апатынан 6 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz сайтынан алынды Фото vesti.kz сайтынан алынды

Қарағанды облысында әскери бөлім басшысының қатысуымен кісі өлімі әкеп соқтырған жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан зейнеткер мен әлгі әскери қызметкердің екі жасар баласы қайтыс болса, тағы алты жолаушы зардап шеккен.


Қарағанды облысында әскери бөлім басшысының қатысуымен кісі өлімі әкеп соқтырған жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан зейнеткер мен әлгі әскери қызметкердің екі жасар баласы қайтыс болса, тағы алты жолаушы зардап шеккен.

Қарағанды облысындағы жол апаты қазанның 12-і күні кешкі уақытта болған. №48411әскери бөлімінің басшысы Audi-100 маркалы көлікпен облыс орталығына қарай келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол сәтте оның көлігі өз жолағымен келе жатқан Toyota Carina-мен бетпе бет соқтығысқан. 

"Қарағанды облыстық "Медициналық жедел жәрдем" станциясы мамандарының хабарлауынша, жол апаты болған жерден барлығы бес жолаушы ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиғадан әлгі әскери қызметкер де жарақат алды. "Ауруханаға Toyota көлігінде отырған үш жолаушы мен Audi-де болған әскеридің жұбайы мен ЖОО студенті жеткізілді", - деп хабарлады "Медициналық жедел жәрдем" станциясы өкілдері. Жол апаты салдарынан әскери қызметкердің 2 жасар баласы мен Toyota көлігінде отырған зейнеткер жолаушы қаза тапты. Ал ол көліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

№48411 әскери бөлімшесіндегілер Қарағанды облысы аумағында болған жол-көлік апатына өздерінің әріптесі кінәлі болғанын растап, оған қатысты "Ауыр салдарға соқтырған жол жүру ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети