13 қараша 2014 12:04

Әскеридің өзін-өзі өлтіруіне себеп болуы мүмкін жайттар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы десантшы Бекболат Құрбановтың өзін-өзі өлтіруіне себеп болуы мүмкін жайттарды жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 22 жастағы әскери 6 қараша күні 32/363 әскери бөлімінде асылып қалған болатын. 


Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы десантшы Бекболат Құрбановтың өзін-өзі өлтіруіне себеп болуы мүмкін жайттарды жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 22 жастағы әскери 6 қараша күні 32/363 әскери бөлімінде асылып қалған болатын. 

Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы оқиғаның себебін анықтау үшін "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық кодекске сәйкес, кінәлі тұлғалар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, нәтижелері 20 күннен соң белгілі болуы керек.

"Оқиға орны мен мәйітті тексерудің нәтижесінде ол жерде де, Құрбановтың денесінде де күш көрсету іздері болмағанын көрсетті. Өзін-өлтіруге себеп болған жайттар ретінде оның отбасы жағдайлары мен қаржы тапшылығынан банк несиесін қайтара алмауы қарастырылып отыр", - делінген прокуратураның хабарламасында. 

Мұның алдында десантшының тәтесі Жаңагүл Қалбиева Бекболаттың 8 несие алғанын, соның ішінде, қымбат ұялы телефондарды несиеге алғанын айтқан еді. Қалбиеваның айтуынша, әскеридің жалақысы - бар болғаны 60 мың теңге. Соған қарамастан, бірнеше банк оған 200 мың теңге сомасында несие берген.

Бекболат Құрбанов десанттық-шабуылдау бригадасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатқан. Оған дейін жігіт Отарда мерзімді әскери қызметін өтеген. Қапшағайдағы әскери бөлімде істегеніне үш ай болды. 6 қараша күні ол жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны анықталды. Жігіттің денесінде жарақат іздері болған, мәйітті сойған кезде оның бүйректері соғылғаны белгілі болды. Туыстары әскери қызметшіні жер қойнына тапсырды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети