14 қыркүйек 2015 23:25

Астана кинотеатрында ер адам дәмхана кассасының қызметкерін ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның скриншоты Видеоның скриншоты

Астананың кинотеатрында ер адам дәмхана кассасының қызметкерін ұрып-соқты. Бейнебақылау камерасымен түсірілген видеоны Instagram желісінде ztb_video парақшасы жария етті.


Астананың кинотеатрында ер адам дәмхана кассасының қызметкерін ұрып-соқты. Бейнебақылау камерасымен түсірілген видеоны Instagram желісінде ztb_video парақшасы жария етті.

Видеода ер адамның буфет маңында тұрып, касса қызметкерімен сөзге келісе алмай қалып, оның бетіне сусынды лақтырып жібергенін көруге болады. Қызметкер қыз да жауапсыз қалмайды - ол да сусынды келушіге қайтара лақтырады. Бұл кезде ашуға булыққан ер адам кассаны айналып өтіп, қызметкерді бір тебеді. 

Видео сипаттамасында ер адамның ұсталғаны жазылған. Оқиға Алматы кинотеатрларының бірінде болған делінді. Алайда әлеуметтік желілерде бұл оқиғаның Астанада Kinopark 8 SaryArka кинотеатрында болғаны жайлы мәлімет тарады. Сонымен қатар, қолданушылардың бірі Астананың Есіл аудандық ішкі істер басқармасына арыздың жолданғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети