22 мамыр 2015 18:24

Астана көшелерінде жалаңаш серуендеген ер адам қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews © Иллюстрация tengrinews ©

Астана көшелерінде жалаңаш серуендеген ер адам үш тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана көшелерінде жалаңаш серуендеген ер адам үш тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың Мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы шығарған қаулыға сәйкес, 41 жастағы астаналық үш тәулікке қамалды", - деп хабарлады Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасындағылар.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, сот отырысы кезінде ер адам кінәсін толық мойындап, бұл қылығы үшін қатты өкінетінін айтты.

"Судья, заң бұзушылық пен кінәлі тұлғаның сипатын ескере отырып, сонымен қатар, әлеуметтік әділеттік құру мақсатында және кінәлі азамат пен өзге де адамдарға заң бұзушылықтарға жол бермеуді ескерту үшін оны үш тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны бекітті. Ол жазасын әкімшілік-қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдағышта өтейді", - деді ішкі істер департаментіндегілер.

Еске сала кетейік, 17 мамырда ер адамның жалаңаш жүргені бейнеленген видеоны қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді. Видеожазбада ер адам еш қымсынбастан жалаңаш денесімен елордадағы Уәлиханов атындағы көшенің бойымен кетіп бара жатады. Оның артынан көшедегі адамдар айғайлайды, бірақ ол мән бермей, серуенін жалғастыра береді.

Полиция қызметкерлері ер адамды 16 мамыр күні кешкі сағат 20.00 шамасында байқаған. Оны қолға түсіру үшін оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Мамандар "патрульдік полиция экипажы жолдың сол жақ қатарымен жүріп, құқық бұзушыны ұстау үшін қиылыстан тоқтады. Жеке сектордағы аулалардың бірінде Астананың 41 жастағы тұрғыны қолға түсті", - деп хабарлады.

Айта кетейік, ер адамның бұған дейін ұрлық үшін істі болғаны анықталды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар мен ішімдік ішуге байланысты жиі құқық бұзушы ретінде ІІД-де тіркеуде тұрғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети