13 шілде 2015 18:19

Астана күнінде жүргізушімен дауласып, видеоға түсіп қалған полицейге жаза тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews TV © Tengrinews TV

Астана ІІД жол-патрульдік қызметінің аға инспекторы Желіде жарияланған видеодан кейін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана ІІД жол-патрульдік қызметінің аға инспекторы Желіде жарияланған видеодан кейін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7 шілдеде Интернетте жарияланған видеоға қатысты қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша, Астана ІІД жол-патрульдік қызметінің аға инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, "ҚР ІІБ қызметкерлерінің ар-намыс кодексі" талаптарын бұзғаны үшін оған қатаң сөгіс жарияланды, ол жол қозғалысының қатысушыларымен дөрекі сөйлескен. Сонымен қатар, Астана ІІД ППД мамандандырылған батальонының басшылығына қол астындағы қызметкерінің тәртіптік әрекетіне байланысты ескерту айтылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты "Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, полицей мен жүргізушінің Астана күнінде дауласқан сәті видеоға түсірілген болатын, оны елордалық азамат Теймур Әлбеков Желіге салды. Ролик авторының айтуынша, оқиға Астана күні мерекесінде Жансүгіров пен Құдайберді көшелерінің қиылысында болды. Тәртіп сақшылары, оның айтуынша, мемлекеттік номер белгісі дұрыс орналастырмағандықтан тоқтатыпты. Жүргізушіге бұл туралы айтқан полицей автомобильден мемлекеттік номерді шешіп алуға бекінеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерінің бұл шешіміне келіспеген Теймур Әлбеков болып жатқан оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіре бастайды. Кейін Астана қалалық ІІД өкілдерінің ұсынылған видеожазбаны зерттеп жатқаны анықталды.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети