10 желтоқсан 2015 15:59

Астана орталығында оқушы қыз құдыққа құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Астанадағы №73 физика-техникалық лицейінің үшінші сынып оқушысы ашық тұрған люкті байқамай, кәріз құдығына құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы №73 физика-техникалық лицейінің үшінші сынып оқушысы ашық тұрған люкті байқамай, кәріз құдығына құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз баланың айғайлаған дауысын естіген адамдар оны құдықтан алып шықты.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, ол мектептен баласын алып қайту үшін барған. Ол мектептен шығып, құдықтың жанына жиналған адамдарды көріпті. "Ол жолмен жүруі тиіс еді, бірақ бұрылып кетіпті, жолды қысқартайын деген сияқты", - деді ол.

Оның айтуынша, адамдар құтқару қызметіне қоңырау шала бастаған, бірақ олар қызды өз күштерімен құтқарып алды. Бірнеше ер адам арқанды ұстап тұрды, ал біреуі құдыққа түсті. 

Тағы бір куәгер Диана Дөңгелекованың айтуынша, жолды қар басқан және оқушы қыз шұңқырды байқамаған. Оның сөзіне қарағанда, балалардың ата-аналары 2014 жылы бұл ауданда жолды жөндеу туралы әкімдікке өтініш білдірген.

Тағы бір куәгердің айтуынша, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бұл ауданда оқыс оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ.

"Мен қарындасымды мектептен алып, қайтып бара жатқан едім, ол қыз баланың шұңқырға құлап кеткенін айтты. Мен тоқтап, көліктен жүгіріп түстім", - деді Асқар Жүнісбеков, оның айтуынша, қызды құтқаруға бірнеше ер адам ат салысқан және өзі де солардың қатарында бар. Куәгерлердің айтуынша, қыз баланы аздап үсік шалған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети