27 тамыз 2014 16:03

Астана вокзалындағы эскалатордың бұзылуына кінәлілер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Астана теміржол вокзалында эскалатордың істен шығуына кінәлілер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана теміржол вокзалында эскалатордың істен шығуына кінәлілер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, 20 тамыз күні Астанада техногенді оқиға болды - жолаушылар платормасы жақтан тарату залына апаратын эскалатор істен шықты. Эскалатордың істен шығуына оған түскен жүктің шамадан артып кетуі себеп болды. Ол автоматты түрде тежеліп, басқыштар төмен қозғала бастаған. Соның салдарынан екі адам зардап шекті, олардың денесіне жарақат пен дақ түскен.

"Вокзал-сервис" АҚ эскалатордың жарамсыздығы мен адамдардың денсаулығына нұқсан келу дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізді, кінәлілер жазаланды. Зардап шеккендердің атына кешірім сұралған хат әзірленді. Денсаулыққа келтірілген барлық шығын белгіленген тәртіппен өтеледі", - дейді компания өкілдері. Олардың хабарлауынша, Астанадағы вокзалдың жоспарланып отырған күрделі жөндеуі аясында 2015 жылы ондағы эскалаторлар да ауыстырылатын болады.

Айта кетейік, Астана вокзалында эскалатордың бұзылуы салдарынан егде әйелдің аяғы металл басқыштарға қысылып қалған еді. Бірнеше минуттан соң техниканы тоқтатуға тура келді. Қарағанды қаласының тұрғыны Қаламқас Өтепбергенова сотқа шағымданғалы отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети