Астаналық полицейлер көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігітті құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астаналық полицейлер көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігітті құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 04.30-да Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" көпірінен ер адам секірейін деп тұрғаны хабарланған. Полицейлер келген уақытта ер адам секіріп үлгерген.
"Біз суға секіріп, жігітті ұстап, өзеннің бойына, қауіпсіз жерге шығарып үлгердік", - дейді полицейлер.
22 жастағы жігіт мас болғаны анықталған. Оған медицина қызметкерлері қажет көмекті көрсетті. Бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Одан бөлек, видео полицейлердің жетонына түсіп қалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!