13 ақпан 2016 09:27

Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жанат Шәкенов © Жанат Шәкенов

Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кешен Сығанақ көшесінің бойында орналасқан.


Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кешен Сығанақ көшесінің бойында орналасқан.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт туралы хабарлама кезекші пультіне сағат 04.40-та түскен, он миуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға болған жерге жетіп, сөндіру жұмыстарына кірісті. Жаңадан салынып жатқан кешеннің 25-ші қабатындағы ағаштан жасалған қалыптар өртенген. Болжам бойынша, газ баллоны жарылған.

Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Қазір оқиға болған жерде Астана өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 60 адам және 17 техника жұмыс істеп жатыр.


© Сәкен Сағынтаев


© Баяхмет Мақсат


© ҚР ІІМ ТЖК


© Tengrinews.kz

 

 

Айта кетейік, кешеннің құрылысы 2010 жылы басталып, 2016 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілген еді. "Әбу-Даби Плаза" құрылысы аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Орта Азиядағы ең биік ғимарат болады. Ғимараттың биіктігі 380 метр болады деп жоспарланған. Кешеннің жалпы аумағы 510 мың шаршы метр болады. Жоба құны - 1,6 миллиард доллар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети