22 маусым 2015 16:07

Астанада автобус аялдамасында автомобиль екі қызды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада болған жол-көлік оқиғасында қыз соққыдан автомобильдің төбесіне ұшып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап. Апат бүгін елордадағы "Орбита" ауданында болды.


Астанада болған жол-көлік оқиғасында қыз соққыдан автомобильдің төбесіне ұшып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап. Апат бүгін елордадағы "Орбита" ауданында болды.

Астананың Мария есімді тұрғыны күміс түсті автомобильдің арнайы жолақ арқылы өтіп бара жатқан екі қызды қаққанының куәсі болды. Олар аялдамаға жақындап қалған.

"Машина адамдар жүретін қоршаудан ұшып кетті. Бір қыз бес метрге дейін ұшып кетті, оны шүберектен жасалған ойыншық сияқты лақтыра салды. Ал екінші қыз "Орбитадағы" дүңгіршектің төбесіне ұшып кетті. Ол дүңгіршекті ойып тастай ма деп ойладым", - деді Мария Tengrinews.kz тілшісіне. Куәгер "жедел жәрдем" шақырған.

Жол-көлік оқиғасының куәгері автомобиль қандай маркалы екенін білмейді. Оның айтуынша, автоның мемлекеттік номері F әріпімен аяқталған (Шығыс Қазақстан облысы). Куәгердің айтуынша, екі қызды қағып кеткен жүргізуші басқа автомобильге де соқтығысқан.

Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Лариса Красикованың айтуынша, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети