24 қараша 2014 10:59

Астанада бетон араластыратын машинаның жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада жолаушылар автобусы мен бетон араластыратын машинаның соқтығысынан кейін КамАЗ жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.


Астанада жолаушылар автобусы мен бетон араластыратын машинаның соқтығысынан кейін КамАЗ жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта КамАЗ жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деп хабарлайды баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, Астанадағы жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі КамАЗ жүргізушісінің рульде басқа нәрсеге алаңдап кетуі.

Астанадағы жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні кешкісін болды. КамАЗ жүргізушісі № 43 бағытты автобуспен соқтығысып қалды. Нақтыланған мәлімет бойынша, 22 адам медициналық мекемелердің көмегіне жүгінді, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігімен ("Автомобиль, троллейбус, трамвай немесе басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол қозғалысы немесе көлік құралын басқару ережесін бұзып, абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр нұқсан келтіруі") қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, бір апта ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 4000-нан астам дерегі тіркелді, оның ішінде, мыңнан астамы автомат құралдардың көмегімен есепке алынды. "38 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталды, 396 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тағынбай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды; жылдамдық режимін арттырудың 218, көлікті айналып өту немесе жол бермеудің 130 дерегінің жолы кесілді; жаяулар өткелінде жүргіншілерге жол бермеу, апаттық жағдай туғызудың 47 дерегі тіркелді. Көлік жүретін бөліктен қауіпсіз түрде өту ережесін бұзған 414 жаяу адамға 4 миллион теңгеге жуық көлемде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети