07 қазан 2015 08:30

Астанада электровозды айдап әкеткен бір топ жігіт кабинасында қыз зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "КТК" кадры © "КТК" кадры

Астанада әбден есірген жігіттер вокзалда тұрған электровозды айдап әкетіп, кабинасында жабылып қыз зорлаған. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлайды. 


Астанада әбден есірген жігіттер вокзалда тұрған электровозды айдап әкетіп, кабинасында жабылып қыз зорлаған. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлайды. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, достарына электровоз тізгінін ұстата салған Астана депосының қызметкері екен. Отарбаны мініп алғандардың әрекеті үлкен апатпен аяқталуы мүмкін еді. Себебі теміржолда әрлі-берлі қатынап жатқан жолаушылар пойызы өте көп. Ойларына келгенін істеген жігіттердің қырағы күзетілетін вокзал аумағына қалай емін-еркін кіргені де белгісіз. 

"Өзге адамдардың кіруіне тыйым салынған электровозды айдап кеткендерді қарсы беттен жолаушылар пойызы шығып қалса не болады деген сауал мүлде ойландырмаған сыңайлы. Осылайша, үлкен апатқа жол бере жаздағандар тіпті, теміржол бағытын өздері өзгертіп қалаған жағына кетіп барады", - дейді телеарнадағылар.

Бұдан кейін жігіттер жолдан 22 жастағы бойжеткенді де отырғызып алып, кабина ішінде зорлаған. Азғындардан қорлық көрген қыз кейін полицейлерге шағым түсіріпті. Жедел жеткен тәртіп сақшылары қаскөйлерді ұстап, ұялы телефондарын тәркілеген. Электровозды ұрлап айдағандардың әрекеті де осы телефондағы таспадан кейін әшкереленіп отыр.

"Қызды жыныстық қатынасқа тек екі жігіт қана мәжбүрлеген. Қалғаны сол кезде кетіп қалыпты. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады "Астана" станциясындағы Ішкі Істер желілік басқармасының  тергеу бөлімінің бастығы Бауыржан Садықанов. Сонымен қатар, оның Астана депосында істейтін досымен бірге вокзалға талай келіп, тоқпен қозғалатын электровозды айдап жүргені де анықталып отыр.

Электровоз ұрлап, қыз зорлағандардың біреуі қамауда, екіншісі әлі ұстатпай жүр. Олардың кінәсі дәлелденсе 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал достарын тыйым салынған аумаққа кіргізген Астана депосының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Негізі ерекше қорғалатын вокзал аумағының күзетіне "Әскерилендірілген теміржол күзеті" жауапты. 

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети