29 тамыз 2014 15:29

Астанада жаппай төбелеске қатысқандарға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада жаппай төбелеске қатысқандарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.


Астанада жаппай төбелеске қатысқандарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.

"Жанжалға қатысушылардың бәрі 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (14 мың 816 теңге - Авт.) айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Қылышбекова. Мұндай шешім Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шығарылды.

Еске сала кетейік, 27 тамыз күні Астана көшелерінің бірінде жаппай төбелес болған еді, кейін оның видеосы Интернетке орналастырылды. Астана полициясы қызметкерлері 29 тамыз күні төбелеске қатысушылардың ұсталғанын хабарлады. Олар: Алматы облысының тұрғындары - Volkswagen Polo автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы ағасы және Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары - Mitsubishi автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мен оның ағасы болып шықты.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша ұсталғандарға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети