16 наурыз 2015 13:31

Астанада жасөспірімдер ер адамды ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеосының кадры. YouTube видеосының кадры.

Жасөспірімдердің 40-45 жас шамасындағы ер адамды ұрып-соққаны түсірілген видео Интернетте жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Астанада болған. 


Жасөспірімдердің 40-45 жас шамасындағы ер адамды ұрып-соққаны түсірілген видео Интернетте жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Астанада болған. 

Видеодан екі жас жігіттің аялдамада отырған ер адамға тиісе бастағанын көруге болады. Ер адам балалардың сұрағына жауап бермейді. Сол кезде көк күртесі бар жасөспірім қалтасынан пышақ алып шықты. Кейін көп сөзге бармай, ер адамды тепкілей бастайды.  

Ер адам науқас немесе алкогольден мас адамға ұқсайды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұзақыларды тауып, полицияға тапсыруға шақырып отыр. Олар осы видеоның авторын да жазалауды сұрайды. 

Роликке қатысты пікірлердің арасында Дастан Қырықбай деген есім аталады. Пікірлерге қарағанда, бұзақылар каратэмен айналысады. Астанадағы "Каратэ-до кекушинкай" федерациясының техникалық директоры әрі бас бапкері Азамат Имашев бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ол бапкерлер мен оқушылардың шұғыл жиналысын өткізген. 

"Мұндай мінез-құлық біздің оқушыларға жараспайды. Біз жоғары дәрежедегі сайыстарда Қазақстанның намысын бүкіл әлем бойынша қорғап жүрміз. Мен бұл роликке қатысты пікірлердің арасында біздің тәрбиеленушінің аты аталғанына өкініш білдіремін. Ол - жасөспірімдер арасындағы Астана құрамасының мүшесі. Дастан Қырықбай республика чемпионатына тынбай дайындалып жатыр. Оның ер адамға жасалған шабуыл туралы роликке қатысы жөнінде мен мынаны анықтадым: ол роликтегі жігіттермен таныс болған. Олар бірге фотоға түскен, олардың бәрі - бір ауданнан. Бірақ ол жасөспірімдердің кекушинкайға қатысы жоқ, олар залдарда спорттың басқа түрлерімен айналысады. Дастан Қырықбайдың өзі бұл оқиғаға қатыспаған", - деді Имашев Tengrinews.kz тілшісіне. 

Ал Астана ІІД өкілдерінің хабарлауынша, полицейлер жасөспірімдердің ер адамды ұрып-соққаны түсірілген видеороликті тексерді. "Оқиғаға қатысушылардың аты-жөні анықталып жатыр, полиция бұзақыларды іздеуге кірісті", - деді Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети