12 қараша 2016 22:37

Астанада жоғалып кеткен 28 жастағы жігіт қаладан 700 шақырым жерден табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны аман-есен табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғалып кеткен жігіттің егіз ағасы Аслан Қойшынов хабарлады.


Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны аман-есен табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғалып кеткен жігіттің егіз ағасы Аслан Қойшынов хабарлады.

Оның айтуынша, ағасы Қостанайда болған. Бұл туралы бүгін, сенбіде кешкі уақытта белгілі болды. "Телефонын өзімен бірге алмаған. Отбасылық жағдайларға байланысты ешкімге ештеңе айтпай Қостанайға кетіп қалған. Оны сонда тұратын туыстарымыз көріп, сосын бізге хабарлады. Ол Қостанайға шамамен кешкі сағат алтыда жеткен. 10 қарашада кеткеннен бүгін, 12 қарашада шамамен сағат 18:00-де табылып отыр. Оның неліктен Қостанайға кетіп қалғанын білмейміз. Қазір мен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қостанайға бара жатырмын", - деді Аслан Қойшынов.

Еске салайық, осыған дейін астаналық тұрғынның егіз ағасының жоғалып кеткені хабарланған болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети