19 шілде 2015 15:53

Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның куәгері Александр Полупановтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы түстен кейін сағат шамамен 15.00-де болды. №10 жолаушылар автобусы Қонаев көшесімен шамамен сағатына 40 шақырым жылдамдықпен келе жатып, бағанға соғылды.   

"Мен бір соғылған дыбысты естідім. Қарасам, автобус тротуарға шығып кетіпті, тротуармен келе жатып, бағанға соғысты. Ол жақтан адамдар сүйретіліп шықты, 10-15 адам болды, барлығы жарақат алды, ашық және жабық дене жарақаттары, бастары жарылған, тағысын тағылар", - деді Александр.

"Жүргізушінің айтуынша, көзі лезде қарауытып кеткен. "Көзімді ашсам бағанға соқтығысып жатырмын, көзім қарауытып кетті" дейді ол", - деді куәгер.
 
Оқиға Қонаев көшесінің бойында №29 үйге қарама-қарсы бетте, Министрліктер үйіне жетпей болған.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасының шыққаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети