18 қазан 2015 16:13

Астанада жолаушылар автобусы тоннельдің қабырғасына соғысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада жолаушылар автобусы тоннельдің қабырғасына соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жолаушылар автобусы тоннельдің қабырғасына соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнындағы полиция өкілдерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Бараев көшесімен Республика даңғылына апаратын жерасты тоннелінде 18 қазанда шамамен 14.20-да болған. Полицейдің айтуынша, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді.  

© Facebook.com/Данияр Мухатов

© vk.com/v_astane

"Ол тік келе жатты, тізгінге ие бола алмай қалып, соғысып қалды. Жүргізуші автобустың тайғанағанын айтады. Оқиға орнында жүргізушінің жүргізу куәлігі тәркіленді және хаттама толтырылды. Жүргізуші ауруханада. Жүргізушіні қосқанда үш адам зардап шекті", - деді полицей.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасынан кейін тоннельді тазалауға екі КАМАЗдың және трактордың тартылғанын айтты. Бұл тоннельде қозғалыс уақытша тоқтады.

© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети