14 тамыз 2015 10:49

Астанада келіншегін өртеп өлтірген ер адамның іздеуде жүргеніне екі ай өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада келіншегін өртеп өлтірген азамат әлі ұстатпай жүр. Әйелін ажал құштырғанына 2 айдан асса да, тәртіп сақшылары оны іздеп таба алмай жатқандарын айтады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Астанада келіншегін өртеп өлтірген азамат әлі ұстатпай жүр. Әйелін ажал құштырғанына 2 айдан асса да, тәртіп сақшылары оны іздеп таба алмай жатқандарын айтады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қазіргі уақытта 43 жастағы Қанат Сәдуовтің суреті еліміздің барлық облыстарымен қатар, ТМД мемлекеттеріне де жіберіліпті. Әрі ерікті азаматтар да қылмыскерді ұстауға көмек көрсетіп жатыр. Қанішер жөнінде ақпарат бергендерге полиция сыйақы да дайындап қойған. Ал осы іздеудегі азамат пен марқұм Светлананың 4 баласы  Елордадағы үйлерін тастап, Петропавлға көшіп кеткен. Оларға анасының туыстары қарайласып жатыр екен. Десе де, мән-жайды әлі түсінбеген кіші екі баласы әке-шешесін жылап іздеумен жүр.

Еске салайық, бұл оқиға мамыр айының соңында, тура соңғы қоңыраудың ертеңіне болған еді. Астанадағы №25 мектепте жұмыс істеген әйелін Қанат Сәдуов сыртқа шығарып, үстіне жанармай құйып өртеп жіберген болатын. Денесінің 70 пайызын күйік шалған ұстаз ауруханада бір аптадай жатып, ақыры есін жимастан көз жұмды. Оны жер қойынына тапсыруға күйеуінің бірде-бір туысы келмеді дейді марқұмның жақындары. Марқұмның туысы Айгүл Дәрменованың айтуынша, оны ақтық сапарға шығарып салуға күйеуінің туыстарын шақырғанын айтады. "Атасы мен әжесі келмейді деп ойладым. Өйткені келетін беттері жоқ. Ал, кішілері келетін шығар дегенмін. Келсін шығарып салсын ақырғы сапарға Светаны дедік. Бірақ келмеді. Сонда менің сіңілім сондай сыйсыз болған ба?!", - деді ол. Ал күдіктінің баласы Талғат Сәдуов өз әкесін кешірмейтінін айтады. "Анамды өз әкем өлтіріп отыр. Ішкі жан дүниемдегі жағдайды сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Әкем болса да, оны кешіре алмаймын. Менің ойымша, оны туыстары жасырып отыр. Әйтпесе, осынша уақыт ұстатпай жүруі мүмкін емес қой", - деді марқұмның баласы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети