30 қаңтар 2017 19:08

Астанада көлік қағып кеткен жігіттің кім екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Volkswagen Golf көлігімен қағып кеткен қар тазалап жүрген жасөспірімнің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада Volkswagen Golf көлігімен қағып кеткен қар тазалап жүрген жасөспірімнің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Іздестіру шаралары барысында зардап шегушінің 2000 жылғы екені анықталды. Қазіргі уақытта кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасы полицияға арыз жазып жатыр", - деді елордалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар бүгін жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөліміндегілер жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі анықталды. 46 жастағы ер адам түсініктеме беру үшін жол-патрульдік полицияның іздестіру бөліміне жеткізілген. 

Еске салайық, Volkswagen Golf көлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші қар тазалап жүрген адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиға 27 қаңтарда Майлин көшесінің (Жұмабаев және Абылайхан аралығында) бойында болған. Бейнебақылау камераларына жол шетінде ер адамның қар тазалап жүргені және жолда көліктердің көп еместігі түсірілген. 18.45-те автомобиль орташа жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткеді. Видеода көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін анықтау қиын.

Астана қалалық ІІД-нің басшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, осы дерек бойынша полицияға ешкім арыз қалдырмаған, алайда тергеу шаралары жүргізіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети