25 қараша 2015 15:21

Астанада қойма өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com/v_astane © Vk.com/v_astane

Астанада қойма өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖД мәліметінше, Абай көшесіндегі өрт туралы хабарлама 25 қараша күні сағат 12.31-де түскен.


Астанада қойма өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖД мәліметінше, Абай көшесіндегі өрт туралы хабарлама 25 қараша күні сағат 12.31-де түскен.

Өрт болып жатқан жерге жеткен кезекшілер қойманың шатыры өртеніп жатқанын анықтады. Осыдан кейін қоңыраудың екінші номері жарияланды.

Айта кетейік, қоңыраудың екінші номері деген өрттен құтқару терминологиясында өрттің аумағын; күштің жетіспеушілігін; судың алынатын жерін білдіреді. Қосымша қоңырау жақын аудандардағы тағы екі бөлімшеге жіберіледі.

"Өрт салдарынан жатақхананың екі тұрғыны зардап шекті: 1991 жылғы әйел (екінші дәрежелі күйік) және 1979 жылғы ер адам (тұншықтырғыш газдан уланған)". - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Өрт ауданы 600 шаршы метр болды. Өрттен құтқару бөлімшесінің жедел әрекетінен өрт сағат 13.25-те ауыздықталды.

Өртті толығымен сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 20 бірлік техника мен Астана ТЖД жеке құрамынан 71 адам жұмылдырылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети