30 маусым 2015 07:04

Астанада қыздардың шаш жұлысқан сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube кадрлары ©Youtube кадрлары

Астанада қыздардың шаш жұлысқан сәті видеоға түсірілді. Оқиға, видеоға қарағанда, "Шапағат" базарының маңында болды.


Астанада қыздардың шаш жұлысқан сәті видеоға түсірілді. Оқиға, видеоға қарағанда, "Шапағат" базарының маңында болды.

Төбелес туралы видеоны Facebook желісіне қолданушы Ерлан Мұсаев жүктеді. Жарияланған кадрларда екі қыздың бір-бірін жерге құлатып, шаш жұлысқаны, кейін оларды бір жігіттердің ажырата алмай жатқан сәтін бейнеленген. 

Ескерту, видеода бейпіл сөз айтылады!

Видеоның қашан түсірілгені және төбелеске не себеп болғаны әзірше белгісіз. Ерлан Мұсаев жазған пікірлерінде видеоны өзі түсірмегенін, біреулердің жолдағанын айтты. 

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Бас прокуратурасының өкілдері Қазнетте жарияланған төбелес жайлы видеоларды прокурорлардың көретінін мәлімдеген болатын. Облыс прокурорларына әлеуметтік желілерде осы тектес тергеуді қажет ететін материалдар мен жарияланымдарды дереу зерттеу тапсырылғаны айтылады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети