20 қазан 2015 10:44

Астанада оқушыны соққыға жығу ісі тараптардың ымыраға келуімен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада оқушыны соққыға жығу ісі тараптардың ымыраға келуімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада оқушыны соққыға жығу ісі тараптардың ымыраға келуімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот алаяқтық үшін айыпталған жасөспірімдерге қатысты істі қарады. 

"Кәмелеттік жасқа толмаған сотталушылар жәбірленушіден ақша талап етіп, басынан ұрған. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келді. Бұл сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот отырысы кезінде сотталушылар кінәсін толықтай мойындады. Олар жәбірленушіден кешірім сұрады, келген зиянның орнын толтырды.

Сот қылмыстық істі жапты. Қаулы күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети