05 желтоқсан 2017 19:10

Астанада полицейді көлік соққан сәттің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жол реттеуші полицейді Lexus жүргізушісінің соққан сәт түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Астанада жол реттеуші полицейді Lexus жүргізушісінің соққан сәт түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Instagram желісіндегі vastane.kz парақшасында жарияланған видеода көліктің тәртіп сақшысын соққан сәтін көруге болады. Полицей соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен.

"Бүгін таңғы 9 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұхар жырау көшесінің қиылысқан жерінде жол-көлік оқиғасына байланысты анықтау шарасы жүріп жатыр. Lexus жүргізушісі жолдың мұзтайғақ болуына байланысты тізгінге ие бола алмай, қиылыста жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді қағып кетті", - деді полиция өкілдері.

Полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети