21 ақпан 2014 11:13

Астанада табылған "егіз" көліктің иесі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды

Астанада егіз көліктің иесі анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті. "Астана қалалық ІІД қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғынын ұстады, ол көліктің ұрланған екенін әдейі біле тұра, Қазақстанның территориясында автокөлікті жүргізіп жүрген", - дейді ІІД баспасөз қызметі. Енді оның үстінен "Қылмыстық жолмен табылған мүлікті әдейі көпе-көрнеу сатып алу немесе сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, Астанада жас жігіт өзінің "Мазда СХ-7" көлігімен қалада кетіп бара жатып, кездейсоқ тұрғын үйдің алдынан дәл өзінікімен бірдей көлікті байқап қалған: дәл сондай марка, мемлекеттік нөмірі де бірдей. Онымен қоса, бұл автокөліктің өткен жылдың 22-ші мамыры күні Мәскеуде ұрланғаны анықталды. Бұдан сәл кейіндеу, Астанада тағы да жасанды мемлекеттік нөмірімен жүрген Land Rover автокөлігі анықталды. Оның рөлінде әйел адам отырған. Жалпы қалалық жол-патрульдік полиция қызметкерлері осы жылдың басынан бері жалған мемлекеттік нөмірді тағып, көлік басқарып жүрген бес фактіні және жалған мемлекеттік нөмірді орнатқан төрт фактіні анықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети