09 қазан 2014 13:35

Астанада запастағы полковник жүгіру жолағында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©menshealth.com.ua ©menshealth.com.ua

Астанада спорт кешенінің жүгіру жолағында полиция полковнигі, ішкі істер органының ардагері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада спорт кешенінің жүгіру жолағында полиция полковнигі, ішкі істер органының ардагері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қазан күні "Алатау" спорт кешенінің жүгіру жолағында спортпен белсенді түрде айналысатын ішкі істер органының 64 жастағы ардагері, полицияның запастағы полковнигі Нұрлан Қарманов қайтыс болды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі мамандарының мәліметінше, таңғы жаттығу кезінде полковник аяқастынан өзін жайсыз сезінген. Ардагерге дереу медициналық жәрдем көрсетілді. Бірақ оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, "Алатау" спорт кешенінде биыл мұндай жағдай осымен екінші рет болып отыр. Бір ай бұрын - 17 қыркүйек күні спорт кешенінің тренажер залында шұғылданған 34 жастағы ішкі істер қызметкері қайтыс болған еді. 15-17 қыркүйек күндері ол жаттығу залына өз еркімен келіп, дайындалып жүрген.

 

  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети