03 ақпан 2017 11:09

Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 31 қаңтарда шамамен сағат 20.30-да Қалдаяқов көшесінде орналасқан үйдің көлік тұрағында болған. Астананың 20 жастағы тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

"2 ақпанда Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіндегілер үйдің ауласында интим фотосет ұйымдастарған қыздың кім екенін анықтады. 20 жастағы қыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша ("Ұсақ бұзақылық") жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жіберілді", - деді Астана қалалық ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына елордадағы зәулім үйлердің бірінің ауласында көлік алдында жалаңаш түскен қыздың суретін жолдаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети