20 шілде 2015 09:32

Астанадағы жол апаты: Автобус жүргізушісі ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

19 шілде күні Астанада жол-көлік оқиғасын жасаған автобус жүргізушісі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


19 шілде күні Астанада жол-көлік оқиғасын жасаған автобус жүргізушісі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онымен қатар, тағы үшін адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 20 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. ІІД өкілдерінің айтуынша, апат дерегі бойынша 19 шілде күні Қонаев даңғылының бойында болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және қажетті сараптамалар тағайыдау үстінде.  

Еске салайық, осыған дейін 19 шілдеде Астананың сол жағалауында №10 автобустың бағанға соғылғаны хабарланған болатын. Бұдан кейін жүргізуші аптап ыстықтан өзін-өзі жайсыз сезінгенін айтты. Сонымен қатар, жүргізушінің бүгін маршрутқа таңғы 5:30-да шыққаны және жол-көлік оқиғасы кезінде мас емес екендігі белгілі болды. Ер адам 1964 жылғы, жүргізу тәжірибесі 10 жылдан артық. Баспасөз өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан 23 адам зардап шекті, олар түрлі жеңіл жарақат алған, тек кейбірінің аяқ-қолдары сыныпты. Қаза болғандар жоқ. Механиктердің мәліметінше, автобус жаңа және жол-көлік оқиғасы кезінде техникалық жағдайы жақсы болған.

Бұл жол-көлік оқиғасы квадрокоптерден де түсіріліпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети