09 қазан 2014 14:11

Астанадағы сол жағалауда BMW көлігі өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Максим Рожин © Максим Рожин

Астананың сол жағалауында BMW көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астананың сол жағалауында BMW көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өрт кеше түнде сағат 23.20-да Орынбор, Жәнібек және Керей хан көшелерінің қиылысында болды. 

"BMW маркалы автокөлік қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған. Бұл жағдайдан зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Оның сөзінше, өрт орнына бір өртсөндіру жасағы келді. Оқиға салдарынан автокөлік ішінара өртенген. 

Еске сала кетейік, Tengrinews.kz Алматы қаласында автокөлік өртеніп кеткенін хабарлаған еді. Ол кезде Audi автокөлігі "Мерей" сауда орталығына қарама-қарсы екінші дәрежелі жолдан даңғылға қарай шығып бара жатқан. Кенеттен автокөлік жанып, жүргізуші көліктен шығып үлгерген. Алматыдағы өрт салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ, бірақ автокөлік толықтай өртеніп кетті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети