08 ақпан 2017 13:39

Астаналық қыздың интим суреттерін Желіге жігіті таратып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық қыздың интим суреттерін жігіті таратып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сілтеме жасап.


Астаналық қыздың интим суреттерін жігіті таратып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сілтеме жасап.

Қыздың айтуынша, оның суреттері Желіге жігітінің кесірінен шығып кеткен, сүйіктісі интим суреттерді қателесіп, WhatsApp мессенджеріндегі топтардың біріне салып қойған.

"Сот отырысында қыз жігітінің оқиға болған күні Hummer маркалы көлік сатып алғанын және көліктің жанында әдемі сурет жасауы үшін, үйдің ауласында шешінгенін айтқан, ал жігіт ұялы телефонының камерасына түсіріп алған. Бұл суреттер екеуара қолдануға ғана түсірілген. Алайда қыздың сүйіктісі қателесіп, WhatsApp мессенджеріндегі Hummer көліктерінің қоғамдастығы тобына салып жіберген. Ол кінәсін толықтай мойындады, ендігіде мұндайды қайталамайтынын айтып отыр", - делінген сот құжатында.

"Шамамен 20.30-да Астанадағы Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан "Лондон" тұрғын үй кешенінің қоғамдық орын болып есептелетін автотұрағында жалаңаш суретке түскен, осылайша айналасындағыларға сыйламаушылық көрсеткен және қоғамдық тәртіпті бұзған", - делінген соттың қаулысында.

Қаулыдағы мәлімет бойынша, қыз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған - оған 22 690 теңге сомасында айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети