08 сәуір 2015 19:21

Астананың қақ ортасында автокөлік сальто жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті куәгер жіберді Суретті куәгер жіберді

Астанадағы Республика-Жангелдин қиылысында Lexus автомобилі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанадағы Республика-Жангелдин қиылысында Lexus автомобилі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жүргізуші Бекжан Мәліковтің айтуынша, ол қиылыста бұрылып жатқан, бірақ оның алдынан басқа автокөлік шыға келген. Осы сәтте ол тежегішті басады, ал көлік аударылып кетеді.  

"Бірінші қатармен келе жатқанмын, бірақ алдымнан көлік шыға келді. Тайып бара жатқанымды сездім, аударылып кеттім. Мен көліктің ішінде есімді жидым. Адамдар көліктен шығуға көмектесті", - деді ол.

Жол-көлік оқиғасында 3 автомобиль зардап шекті. Lexus аударылып барып Shevrolet маркалы автокөлікке құлады. Shevrolet, Lexus автокөліктерінің жүргізушілері көліктің сальто жасағанын айтты.

"Біз бағдаршамның алдында кептелісте тұрдық. Жүргізуші үлкен жылдамдықпен келе жатып кері бұрылғысы келген болуы керек, бірақ тізгінге ие бола алмай қалды. Біздің алдымызда Hyundai Elantra тұрған, ол да зардап шекті. Бұл уақытта Lexus біздің үстімізден сальто жасады, аударылды да құлады", - деп хабарлады Shevrolet автомобилінің жүргізушісі Алтынбек Жекебаев.

"Біздің көлік зардап шекті. Біз моральдық шығын өндіріп алғымыз келеді. Көлік дәл біздің үстімізге құлады, содан кейін құлады. Құдайымыз бар екен, тірі қалдық. Көлікте үш адам отырдық", - деді Shevrolet жүргізушісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети