28 қаңтар 2015 11:23

Атырау облысында Қытайдың заңсыз жүрген 38 азаматы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tverigrad.ru ©Tverigrad.ru

Атырау облысында Қытайдың заңсыз жүрген 38 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында Қытайдың заңсыз жүрген 38 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22 қаңтарда прокуратура мен учаскелік инспекторлардың бірігіп өткізген рейді кезінде 38 қытай азаматы ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Хабарламада бұл азаматтардың Қазақстанға өткен жылдың 10 қыркүйегі күні "Алматы" бақылау-өткізу пункті арқылы кіргені айтылған. Олардың келу мақсаты - "ВСП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне консультациялық қызмет көрсету. Келу мерзімі де көрсетілген - 2015 жылдың 15 тамызына дейін. Бірақ олар келгеннен кейін ішкі істер органдарында уақытша тіркелмеген. Осылайша, олар елде болу мерзімін шамадан асырып, Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзды. 

"2015 жылдың 27 қаңтарында Атырау әкімшілік сотындағы отырыста ҚХР азаматтары кінәсін мойындады. Құқықбұзушылардың түсініктемесін тыңдағаннан кейін сот ҚХР 38 азаматын Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517-бабының 2-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп танып, Қазақстан аумағынан шығару түріндегі әкімшілік жаза кесті", - делінген сот мәліметінде.

Шетелдіктер қаулы заңды күшіне енгеннен кейін ел аумағынан бес күн ішінде шығуы тиіс. Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Алматы облысында Қытай Халық Республикасының 33 азаматы ұсталған еді. Оларды Қазақстан Республикасы ҰҚҚ Шекара қызметінің өкілдері ұстады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети