07 желтоқсан 2017 10:44

Атырауда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Атырауда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Атырауда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"6 желтоқсанда шамамен 13:25-те Атырау қаласындағы "Привокзальный" ықшамауданында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, артынша төбелес болды. Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Ата-аналарымен профилактикалық әңгіме шаралары жүргізілді. Кәмелет жасына толмаған алты баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Еске салайық, Атырау полициясы жаппай төбелескендерді іздестіріп жатыр, оқиғаның видеосы Желіде таралды. Видео @zello_atyrau паблигінде жарияланған. Кадрлардан бірнеше жасөспірімнің бір жігітті жерге құлатып алып, сабағанын көруге болады. Олар ұрып, теуіп жатқанда көшедегілер ажыратуға келген. 

Атырау облыстық ІІД өкілдері ұрып-соққандардың аты-жөнін анықталып жатқанын айтты. "Осы дерек бойынша заңды шаралар қабылданады", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети