12 қыркүйек 2014 | 17:52

Атырауда "маугли-бала" туралы роликтің авторлары іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр youtube.com cайтындағы видеодан алынды Кадр youtube.com cайтындағы видеодан алынды

Атырау полициясы "маугли-бала" туралы видеоның авторларын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова айтты. Видеодағы бала бұталардың арасында тығылып жүр, жасырынған жерінен алма бермейінше шықпайды.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау полициясы "маугли-бала" туралы видеоның авторларын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова айтты. Видеодағы бала бұталардың арасында тығылып жүр, жасырынған жерінен алма бермейінше шықпайды.

"Біз видеоны қарадық, бірақ ондай дерек тіркелген жоқ. Полиция бейнежазбаның түпнұсқалығын және маугли-баланың видеоға түсірілген орнын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр", - дейді Мұхтарова.

Еске сала кетейік, бұл ролик TengrinewsTV сайтына орналастырылған еді. Белгісіз біреулер баланы ит сияқты шақырып, алдына алма лақтырып жатыр. Төрт аяқтап жүрген бала бұта арасынан шығып, алмаға қарай жүгіреді. Видеоға түсірген адамдар баланың жемісті қолмен ұстамағанына таңғалып жатыр. Ал порталға пікір қалдырушылардың кейбірі бейнежазбаны фейк деп есептейді. Өйткені бала ішкиім киген.

Осындай маугли-балаға қатысты дерек Ресейде де тіркелген еді - бір топ ит бір баланы асыраған. Бала қасық ұстай алмайды, ашуланса, үріп қоя береді. Ол өз жасынан әлдеқайда кіші көрінеді. Самаралық "мауглидің" тілі бір жылдан соң шыққан. Анасының ата-аналық құқы қалпына келтіріліп жұмысқа орналасты және баласы өзіне қайтарылды. Дегенмен ол бір жылдан соң ұлын балалар үйіне тапсырды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети