26 қазан 2015 17:54

Ауғанстанда жер сілкінісінен 20-дан аса адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстандағы жер сілкінісінің құрбандары. © REUTERS Ауғанстандағы жер сілкінісінің құрбандары. © REUTERS

Ауғанстанда болған алапат жер сілкінісінен ең кемі 20 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ауғанстанда болған алапат жер сілкінісінен ең кемі 20 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, қаза болғандардың арасында 12 қыз бала бар, олар жер сілкінісі басталғанда Тахар ауданындағы мектептен шыға алмай, сығылысып қайтыс болған. Сонымен қатар, жерасты дүмпулерінен Пәкістанда ең кемі 20 адамның көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды, сонымен қатар, 300-ге жуық адам жарақат алды.

Жер сілкінісі Пәкістан, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Қазақстанда сезілді. Еске сала кетейік, бұған дейін магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісінің Алматыдан 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында тіркелгені хабарланған болатын. Жерасты дүмпулері 26 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 15,2, тереңдігі - 150 шақырым. Айта кетейік, Шымкентте - 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети