23 қараша 2014 12:55

Автобус пен бетон араластыратын машинаның соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астанада жолаушылар автобусы мен бетон араластыратын машинаның соқтығысуы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.


Астанада жолаушылар автобусы мен бетон араластыратын машинаның соқтығысуы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.

"Автобус жолаушысының арыз беруіне байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігі - "Автомобиль, троллейбус, трамвай немесе басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол қозғалысы немесе көлік құралын басқару ережесін бұзып, абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр нұқсан келтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІД баспасөз хатшысы.  

Оның айтуынша, анықталған деректерге сәйкес, медициналық мекеменің көмегіне 22 адам жүгінді, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Астанадағы жол-көлік оқиғасы 22 қарашада кешкі уақытта болды. "КамАЗ жүргізушісі №43 автобуспен соқтығысты, зардап шеккен 16 адам, оның ішінде КамАЗ бен автобус жүргізушілері оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта түрлі жарақатпен 4 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Оқиғадан қаза тапқандар жоқ. Жағдаяттар анықталып жатыр. Автобус қалаға қарай, ал КамАЗ қаладан шығып келе жатқан", - деді бұған дейін баспасөз қызметі өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети