18 қыркүйек 2014 16:57

Балалардың туберкулезді тәрбиешіден жұқтыруы мүмкін емес - шенеуніктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Ақтөбедегі балабақша тәрбиеленушілерінің туберкулезді тәрбиешіден жұқтыруы мүмкін емес. Қалалық білім бөлімінің бастығы Ләззат Оразбаева осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін балабақшадағы төрт бүлдіршіннің туберкулез жұқтырғаны хабарланған еді. 


Ақтөбедегі балабақша тәрбиеленушілерінің туберкулезді тәрбиешіден жұқтыруы мүмкін емес. Қалалық білім бөлімінің бастығы Ләззат Оразбаева осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін балабақшадағы төрт бүлдіршіннің туберкулез жұқтырғаны хабарланған еді. 

Оразбаеваның айтуынша, тәрбиешінің көмекшісі осы жылдың мамыр айында еңбек демалысына шыққан, біржарым айдан соң қайтыс болды. Осы уақыт ішінде №25 "Ерке" балабақшасында жөндеу жүргізілді, ол кезде мұнда балалар болған жоқ. Сол себепті шенеунік балақайлардың тәрбиешіден ауру жұқтыруы мүмкін емес екенін айтты. Дегенмен бес жасар төрт бүлдіршіннен туберкулез ауруы сол оқиғадан кейін бірден анықталған болатын. Сол кезде балабақшаның барлық 350-ге жуық қызметкері флюорографиядан өтті.

Қазіргі уақытта бүлдіршіндер балабақшаға барып жүр, оларға туберкулезге қарсы препараттар беріліп жатыр. Ем 6 тамыздан бастап тағайындалған, ол үш айға созылады. Ал сәбилердің ата-аналары бұл жайтқа наразылық білдіріп отыр, олар туберкулезге қарсы препараттар балалардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді.

Ақтөбеде "Ерке" мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиешінің көмекшісі қайтыс болғаны бұған дейін хабарланған еді. Әйелдің мәйітін сойған кезде оның туберкулез жұқтырғаны белгілі болды. Талдаулардың нәтижесінде балабақшадағы төрт тәрбиеленушінің туберкулез жұқтырғаны анықталды. Бұл оқиғадан соң мекеме басшылығы ауысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети