05 ақпан 2014 10:20

Барахолкадағы өртті сөндіруге 900 адам қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Дмитрий Хегай Фото ©Дмитрий Хегай

Алматыдағы барахолка аумағында орналасқан "Юпитер" базарында орын алған өртті сөндіруге барлығы 900-ден астам адам қатысты. Егер өртті сөндіруге мұншама адам араласпағанда қызыл жалын "Алатау-1" базарын да шарпуы мүмкін еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство таратқан мәліметтерге қарағанда, "Юпитер" базарында өрттің шыққаны жөніндегі хабар "101" қызметіне кеше, яғни қаңтардың 4-і күні Астана уақытымен кешкі сағат 21.09-да түскен. Өрт сөндірушілер барахолка аумағына 21.18-де келіп жеткенде дейін тұрмыстық тауарлар сақталатын бірнеше контейнер өртке оранып үлгенген екен. Жалын шамамен 1000-1500 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал егер өрт сөндіру қызметі уақытынан сәл кешігіп келгенде өрттің "Алатау-1" базарына ауысуы мүмкін еді. "Полиция қызметкерлері өрт шарпыған аумақты дереу қоршауға алып, жалын аумағын толықтай анықтау мақсатында ұшқышсыз ұшатын бейнетүсіретін аэро аппарат ұшырылды", - деп көрсетілген ТЖД таратқан мәліметте. Алматыдағы барахолкада орын алған жалынның бетін қайтаруға Алматы қалалық және облыстық ТЖД қызметі, полиция, жедел жәрдем және қалалық құтқару қызметінің 914 өкілі мен барлығы 111 техникасы жұмылдырылған. 22.17-де өрттің беті қайтарылса, ал 23.52-де толықтай сөндірілген.


Алматыдағы барахолка аумағында орналасқан "Юпитер" базарында орын алған өртті сөндіруге барлығы 900-ден астам адам қатысты. Егер өртті сөндіруге мұншама адам араласпағанда қызыл жалын "Алатау-1" базарын да шарпуы мүмкін еді, деп хабарлайды
Жалғасы
Tengrinews.kz қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство таратқан мәліметтерге қарағанда, "Юпитер" базарында өрттің шыққаны жөніндегі хабар "101" қызметіне кеше, яғни қаңтардың 4-і күні Астана уақытымен кешкі сағат 21.09-да түскен. Өрт сөндірушілер барахолка аумағына 21.18-де келіп жеткенде дейін тұрмыстық тауарлар сақталатын бірнеше контейнер өртке оранып үлгенген екен. Жалын шамамен 1000-1500 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал егер өрт сөндіру қызметі уақытынан сәл кешігіп келгенде өрттің "Алатау-1" базарына ауысуы мүмкін еді. "Полиция қызметкерлері өрт шарпыған аумақты дереу қоршауға алып, жалын аумағын толықтай анықтау мақсатында ұшқышсыз ұшатын бейнетүсіретін аэро аппарат ұшырылды", - деп көрсетілген ТЖД таратқан мәліметте. Алматыдағы барахолкада орын алған жалынның бетін қайтаруға Алматы қалалық және облыстық ТЖД қызметі, полиция, жедел жәрдем және қалалық құтқару қызметінің 914 өкілі мен барлығы 111 техникасы жұмылдырылған. 22.17-де өрттің беті қайтарылса, ал 23.52-де толықтай сөндірілген.
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети