03 қараша 2017 13:34

Бас прокуратура ОҚО аудандық ІІБ басшысының орынбасарына қатысты істі бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура өкілдері ОҚО Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары Олжас Амандықовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура өкілдері ОҚО Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары Олжас Амандықовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура өкілдері ОҚО Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабы ("Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу") және 362-бабы бойынша ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

"Сондай-ақ, облыс прокурорының қылмыстық істі тергеу жұмыстарын арнайы тағайындалған прокурорға емес, ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына тапсырғаны айтылады. Ал жедел-тергеу тобының мүшелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы ("Қызметтегi әрекетсiздiк") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

"Екі іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Олар тергеуді бақылап отырады", - деді ведомстводағылар.

Бас прокуратура тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды.

Осыған дейін даулы видеоның кейіпкері атанған полиция қызметкерінің жұмыстан босатылғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары бірнеше қылмыс жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер Созақ аудандық ІІБ басшысының орынбасары Олжас Амандықовтың екі қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінгенін растаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети