19 қараша 2014 09:50

Батыс Қазақстан облысында алғашқы әскери дайындық кабинетінен 5 винтовка ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©fort812.ru ©fort812.ru

Батыс Қазақстан облысында мектептің алғашқы әскери дайындық кабинетінен пневматикалық бес винтовка ұрланды, - деп хабарлайды "Мой город". Төтенше оқиға 5 қараша күні Теректі ауданының Покатиловка ауылында болған.


Батыс Қазақстан облысында мектептің алғашқы әскери дайындық кабинетінен пневматикалық бес винтовка ұрланды, - деп хабарлайды "Мой город". Төтенше оқиға 5 қараша күні Теректі ауданының Покатиловка ауылында болған.

Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі алғашқы әскери дайындық кабинетінен винтовкалардың ұрланғанын растады, бірақ басқа түсініктеме беруден бас тартты. Ұрланған қару әлі табылмаған. Бұл оқиға жөнінде аудан әкімдігінің мамандары түсінік берді. 

"Мұндай деректің болғаны рас. Бірақ бес ауа винтовкасы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғаліміне тиесілі болатын. Ол қаруларды оқушыларға көрсету үшін сыныпқа алып келген, сол жерден оларды ұрлап кетті. Мектепте бір винтовка бар, ол жоғалған жоқ, алғашқы әскери дайындық кабинетінің қару сақталатын орнында тұр. Винтовкалар мұғалімнің жеке мүлкі болатын, ол қарулардың ұрланғанын полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта оларды аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр", - деді Теректі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов. 

Еске сала кетейік, Алматы колледждерінің бірінде алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын. Оқиға салдарынан 16 жастағы қыз қаза тауып, тағы 12 адам ауруханаға түсті. Болған оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети