19 қараша 2015 12:00

Батыс Қазақстанда аймақтық ТЖД басшылары мінген көлік жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой Город" © "Мой Город"

Батыс Қазақстан облысында аймақтық ТЖД қызметкерлері мінген көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Мой город". Жол-көлік оқиғасы 18 қараша күні сағат 10.02-де болды.


Батыс Қазақстан облысында аймақтық ТЖД қызметкерлері мінген көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Мой город". Жол-көлік оқиғасы 18 қараша күні сағат 10.02-де болды.

Орал - Атырау тас жолынан 90 шақырым қашықтықта, Ақжайық ауданында құтқарушылар мінген "УАЗ" және "Газель" көлігі соқтығысып қалған. ІІД мәліметінше, "УАЗ" автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Газельдің" 36 жастағы жүргізушісі оқиға болған жерде қаза тапты.

"УАЗ" автокөлігінің екі жолаушысы Орал қаласының ауруханасына жеткізілді. Осы дерек бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады аймақтық ІІД.

"УАЗ" автокөлігінде болған ТЖД қызметкерлерінің қызметтік іссапарға бара жатқандары белгілі болды. "Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы ауа райы салдарынан болған. "УАЗда" біздің төрт қызметкер болды. Олардың екеуі үйлеріне қайтарылды, ал екеуі - Жарқын Фазылов (БҚО ТЖД басшысының орынбасары) және Замир Бердашев (БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының башысы) облыстық ауруханада жатыр", - деді БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Максим Хайрекенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети