02 қараша 2014 10:29

Батыс Қазақстанда бұралқы иттер бір қора қой-ешкіні қырып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер 70 басқа жуық қой-ешкіні қырып тастаған. Оқиға Үшінші саяжай елді мекені ауданындағы "Восход" бірлестігінің аумағында болды, - деп хабарлайды "Мой город".


Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер 70 басқа жуық қой-ешкіні қырып тастаған. Оқиға Үшінші саяжай елді мекені ауданындағы "Восход" бірлестігінің аумағында болды, - деп хабарлайды "Мой город".

Төтенше жайтты ең бірінші болып мал иесінің күйеу баласы көрген. "Мен 08.00 шамасында лақтың бақырып жатқанын естіп, үйден шықтым, ол бір жерге қыстырылып қалған шығар деп ойлағанмын. Қойлар қоршалатын тордан екі ит атып шыққанын көрдім, бір қара, бір сары ит және үш күшік бар. Қолыма таяқ алып, жүгірдім, олар қашып кетті. Қораға кіргенде үріккен қойларды көрдім. Айқайлап қожайынды шақырдым", - дейді Нұрғали Темірғалиев.

Мал иесі Раида Ықсанованың айтуынша, болған жайт олардың жағасын ұстатып отыр. Бұралқы иттер 60 қой мен 10 ешкіні талап тастаған. "Біздің есептеуімізше, 1 миллион 400 мың теңгеге шығын келген. Мал дәрігерін шақырдым, малымыздың бәрі олардың есебінде тұр, арнайы ендері бар. Қырылған малды өртейміз деді. Жаным ашиды", - деп жылап жіберді Раида.

Оқиға орнына келген мал дәрігерінің айтуынша, адамдар көктемде саяжайға келіп, ит ұстайды. Ал күзде қалаға кетеді де, иттерін тастап кетеді. Жейтін дым болмаған соң аш иттер үй жануарларына шабуыл жасайды. Мал дәрігері қырылған қой-ешкіні мал моласына апарып өртейтінін және иттер талаған басқа да малдарды өлтіретінін айтты, себебі бұралқы иттер құтырған болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл поселкеде мұндай оқиға осымен екінші рет болып отыр. 29 қазан күні Подстепное елді мекенінде бұралқы иттер сегіз бас қойды жеп қойған. Қазіргі уақытта қаңғыбас иттерді іздестіруге полиция қызметкерлері жұмылдырылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети