03 ақпан 2015 13:26

Батыс Қазақстанда құбырдағы жарылыстан соң газ беру толық қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі ©"ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында Орынбор - Новопсков газ құбырындағы жарылыстың салдары жойылып, көгілдір отынсыз қалған елді мекендерге газ берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Еске салайық, Оралдан 30 шақырым жердегі газ құбырында жарылыс 2 ақпанға қараған түні болған еді. 


Батыс Қазақстан облысында Орынбор - Новопсков газ құбырындағы жарылыстың салдары жойылып, көгілдір отынсыз қалған елді мекендерге газ берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Еске салайық, Оралдан 30 шақырым жердегі газ құбырында жарылыс 2 ақпанға қараған түні болған еді. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, компания қызметкерлері бір тәуліктің ішінде жарылыстың салдарынан жарамсыз болып қалған 50 метр құбырды жаңасымен ауыстырып үлгерді. Апат салдарынан газсыз қалған елді мекендерге кешенді тексеріс жұмыстарынан кейін ғана газ беріле бастады. Қазіргі таңда Зеленов ауданындағы абоненттерге газ қосылып жатыр. 

"Осылайша Батыс Қазақстан облысындағы табиғи газды тұтынушыларға газ беру жұмыстары қайта қалпына келтірілді. Апат орнында Астанадан арнайы ұшып барған комиссия жұмыс істеді, апат салдарын жоюға 85 адам мен 18 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, газ құбырын жаңартуға апаттық қордағы болат құбырлар шұғыл жеткізілді. Соның арқасында апаттың салдары қысқа мерзімде жойылды, ол үшін оқиға орнында күрделі технологиялық жұмыстар атқарылып, автоматтандырылған құралдар мен арнайы техникалар жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 2 ақпан күні сағат 04.08-де Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы Белес және Переметное ауылдарының аралығындағы Орынбор - Новопсков газ құбырының 280-шақырымында жарылыс болып, оның салдарынан диаметрі 1200 миллиметр жоғары қысымды газ құбырынан өрт шыққан болатын. Өртті сөндіруге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері мен 12 техникасы, БҚО ішкі істер департаментінің 15 қызметкері мен 3 техникасы, "ИнтерГазОрталықАзия" акционерлік қоғамының 15 қызметкері мен 3 техникасы, "Семсер Өрт сөндіруші" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы және әкімдік қызметкерлері мен Зеленді аудандық ішкі істер бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мен жедел тобы жұмылдырылды. Мамандар түнгі сағат 04.30-да газ жіберу тетіктерін жапты. Соның салдарынан жиырмаға жуық елді мекен газсыз қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети