22 қаңтар 2015 16:47

Батыс Қазақстанда оқушылар жаппай уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында 17 бала астан уланып қалып, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында 17 бала астан уланып қалып, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

21 қаңтар күні аудандық ауруханаға жергілікті гимназияда оқитын 10 бала түсті, бүгін, 22 қаңтарда дәрігерлерге көрінгендердің қатары 17 адамға жетті. Зардап шеккендердің жас шамасы - 11-16 аралығында. 

Балалар өздерін жайсыз сезінген, іштері өтіп, ауырған. Қазіргі уақытта оқиға орнына бактериологтер, санитар дәрігерлер, инфекционистер мен басқа да мамандардан құралған бригада аттанды. Оқушылар жаппай уланған гимназия Қаратөбе ауданының орталығында орналасқан. Мұнда барлығы 255 бала білім алады, оның 81-і интернатта жатады.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. "Жағдай облыстың барлық құзырлы органдарының бақылауында, тексеру жүріп жатыр, қажетті сынамалар алынды. Қосымша ақпарат кейін хабарланатын болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, мұның алдында ақпарат құралдары облыстың Бөрілі ауданындағы Березовка елді мекенінде 12 оқушының өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға түскенін хабарланған болатын. Балалардың басы айналып, қан қысымы ауытқыған. Мұның алдында 2014 жылдың қараша айының соңында бұл ауылда 25 бала мен төрт ересек адам дәл осындай ауру белгілерімен дәрігерлерге көрінген еді. Ауыл тұрғындары бұл жағдайға Қарашығанақ кен орнынан таралған зиянды қалдықтардың әсері бар деп есептейді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети